ШҚО-да қазақ халық емшілік орталығы ашылады
Облыс әкімі Даниал Ахметов ауруханаларға заманауи жабдықтар сатып алып, дәрігерлерді жаппай оқыту арқылы әрі бірегей емдеу орталықтарын аша отырып медицина саласын дамытуды ойлап отыр
Семей қаласында Жедел жәрдем ауруханасы ішінен ортопедиялық, гематологиялық орталық ашылмақ.
ШҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында облыста қазақ халық емшілік орталығы ашылмақ.
Следующая →
ШҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында облыста қазақ халық емшілік орталығы ашылмақ.
- Мен Қытайда халық медицинасының жетік дамығандығына куә болдым. Біз өткенді қайтарып, оны ұмытпауымыз қажет. Ата-бабамыздың ғасырлар бойы жинаған білімі мен заманауи жабдықтар үлкен нәтижелерге қол жеткізеді. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында дәстүрлі қазақ медициналық орталығын ашатын боламыз, - дейді Даниал Ахметов.