Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Елу дәрігер оқуға жіберіледі

Облыс әкімі дәрігерлерді шетелге жіберіп оқытуды жалғастырмақ. Ал биыл елу дәрігер шетелге оқуға аттанбақ

Аймақ басшысы биылғы денсаулық сақтау саласында жасалуы қажет жұмыстарды атап өтті. Әуелі дәрігерлердіоқыту міндеті тұр. 

Өңірде жақында ғана робототехника мен трансплантология жабдықтары, Ана мен бала орталығына медициналық құралдар сатып алынғаны белгілі. Былтыр бұған 10 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Дегенмен, заманауи техниканы сатып алып орналастыру бөлек те, оны қолданатын кадрларды дайындау - бір бөлек. Облыстағы денсаулық сақтау саласын мамандардың білімін жетілдіре отырып дамыту әкімдіктің басты қағидасына айналған. 

- Бұған дейін өңіріміздің 150 дәрігері шетелде білім алып қайтты. Биыл тағы да 50 дәрігерді шетелге жібереміз, - деп атап өтті облыс әкімі Даниал Ахметов.
Аймақ басшысы медициналық жабдықтар сатып алынған Ана мен бала, робототехника орталықтары мен онкологиялық диспансерді облыстық денсаулық сақтау басқармасының қарамағына алуды не басқарма мен медициналық мекеме арасында серіктестік жөніндегі келісімге келуді ұсынып отыр. Жабдықтардың барлығы қазына қаражатына сатып алынғандықтан, бұл мекемелер халық үшін қызмет еткені жөн. Әрі Еуропа мен Азиядан дәрігерлер әкеліп, қатардағы мамандарға оқыту жүргізуі шарт. 

Сонымен қатар, былтыр ауруханаларға 1 млрд теңгеге компьютер құралдары сатып алынбақ болған. Алайда облыстық Денсаулық сақтау басқармасы дайындап берген құжатты республикалық мемлекеттік сатып алумен айналысатын органдар орындамаған. Соның кесірінен, компьютерлер сатып алынбай қалды. 

- Биыл да облыстық бюджеттен компьютер сатып алуға 1 млрд теңге бөлу қажет. Мемлекеттік сатып алу құжатын қайта жасап, республикалық органға тапсыру керек, - деді Даниал Кенжетайұлы.
Следующая →