Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

Назарбаев: азаматтар өз денсаулығын өздері күтуі қажет

ҚР Президенті Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртаңовпен кездесті

Кездесу барысында Мемлекет басшысына денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы жөнінде аралық есеп беріліп, министрліктің алдына қойылған міндеттердің орындалуы туралы ақпарат ұсынылды, делінген www.akorda.kz сайтында.

Елбасы ауру-сырқаудың алдын алу шараларының маңыздылығын атап өтіп, салауатты ұлт қалыптастыру ісінде халықтың ерекше рөл атқаратынын айтты.

– Азаматтарымызды өздерінің денсаулықтарын нығайтуға тартуымыз қажет. Адам денсаулығының 10-15 пайызы ғана медицинаға тәуелді. Қалғанының бәрі тек өзіне байланысты болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Денсаулық сақтау министрі халықтың денсаулығын жақсарту бойынша министрліктің қабылдап жатқан шаралары жөнінде айтып, ауру-сырқау белгілерін бастапқы сатыда анықтаудың маңызды екенін атап өтті.

– Қазақстанда 2012 жылдан бастап тегін дәрі-дәрмекпен қамту жөніндегі бағдарлама жүзеге асырылуда. Оның тиімділігі өте жоғары. Бағдарлама аясында 2,5 миллионға жуық адам аурудың 50 түрі бойынша, соның ішінде күретамыр гипертониясы, қант диабеті және онкологиялық аурулар бойынша тегін дәрі-дәрмекке қол жеткізіп отыр, – деді Е.Біртанов.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы дәрі-дәрмек бағасын мемлекеттік реттеу және фармацевтика саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу мәселелеріне ерекше тоқталды.

– Менің бағаға қатысты мәселені шешу жөнінде берген тапсырмамнан кейін Фармация комитетінің төрағасы, «СК-Фармация» компаниясының басшылығы және бес облыстың басқарма басшылары ұсталды. Дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуі шарттар жасасудағы заңнан тыс әрекеттер нәтижесінде орын алады, – деген Елбасы кездесу барысында. 

Следующая →