Жамбыл облысында жаңа санаторий ашылды
Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы Қызылтаң ауылында «Айша бибі» санаториі ашылды
Шараға облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев қатысып, облыс халқының денсаулық жағдайын жақсарту үшін атқарылып жатқан шаралар туралы айтты.
- 2016-2017 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасының аясында біз бұл ғимаратқа алғаш ашылғанда атқарған қызметтік міндеттерін қайтара алдық. Яғни, бүгін емдеу-сауықтыру санаториінің жаңа өмірі жаңа даму кезеңі басталды. Ғимараттың жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 520 млн, ал материалдық-техникалық базасын жаңарту үшін 354 млн бөлінді, - дейді өңір басшысы.
Бұған дейін бұл ғимаратта №1 психоневрологиялық интернат тіркелген.
Следующая →