Ауруханалар ғимаратын өз есебінен жөндемек
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бір жылдың ішінде ақылы медициналық қызметтерден түсетін қаржы 2,1 млрд теңгені құрайтындығын айтады
Бұл сома, өз кезегінде, ауруханалардың ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жетпейді. Ал 2018 жылы облыстағы денсаулық саласына мемлекеттен 86 млрд теңге бөлінбек, оның 75,6 млрд теңгесі тегін медициналық қызметтерді өтеуге жұмсалмақ. Одан бөлек, қаржының көпшілігі дәрігерлердің жалақысына жұмсалады.
Облыс әкімі Даниал Ахметов аймақтағы бірде-бір аурухана өз есебінен ғимараттың жөндеу жұмыстарын жүргізбейтіндігін, алайда ақылы қызметтердің тарифінде жөндеу жұмыстарының құны қосылғандығын айтады.
- Дәрігерлердің жалақысы жоғары. Бұл мені қуантады. Алайда облысымызда орналасқан бірде-бір медициналық мекеме өз есебінен аурухана ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізбейді. Мұндай жұмыстарды олар жыл сайын жүргізуі тиіс. Ал ақылы медициналық қызметтердің тарифіне ғимаратты жөндеу жұмысының құны қосылып берілген. Біздің облыс - ауруханаларды жөндеу үшін облыстық қазынадан қаржы бөлуге Денсаулық сақтау министрлігіне өтініш білдірген республикадағы бірден-бір өңір. Өзге облыс ауруханалары жөндеу жұмыстарын өз есебінен жүргізеді. Сондықтан ғимаратын жөндеуге қаржысы жетпейтін қауқаусыз аураханаларға ғана қазына қаражатын бөлуіміз керек. Бұл мәселені жетік зерттеңіз, - деді Даниал Ахметов облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысына.
Басқарманың деректеріне сенсек, облыста 856 медициналық мекеме бар, оның ішінде 89-ы мемлекеттік ауруханалар.
Следующая →

Тақырыптар: