Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Айдос Мырзахметов
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Облыстағы тоғыз аурухана жабдықталады

Биыл денсаулық сақтау саласы бойынша арнайы технологиялар сатып алуға 6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

Жалпы медицина саласы өткен жылдың соңы мен биылғы жылдың басында біршама қиындықтарды басынан кешірді. Әсіресе, тегін дәрі-дәрмек тапшылығы дүйім елді дүрліктіріп тастаған болатын. Сонымен қатар, өңірдегі ең маңызды денсаулық сақтау нысандарын аралап шыққан облыс әкімі медициналық техникалардың ескілігіне көз жеткізіп, бірқатар шаралар қолдануды тапсырған. Осындай кезеңдік кептелістердің қайталануына жол бермеу үшін өңір басшысының бастамасымен медициналық техникаларды және тегін дәрі-дәрмектерді сатып алу үрдісін бақылайтын қоғамдық кеңес құрылды.

- Жаңа қоғамдық кеңес жаңа технологияларды сатып алу үрдісіне қатысып, оған қолдау көрсетіп, бақылау жүргізетін болады, - дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

 
Биыл 9 стационарды қажетті технологиялармен қамтамасыз етуге арнайы жұмыс тобы құрылған. Бұл тоғыз нысанға Облыстық онкологиялық диспансер, Ана мен бала орталығы, Өскемен қалалық №1 аурухана, Семей өңірлік онкологиялық диспансер, Семей қаласындағы Перинаталды орталығы және Бесқарағай, Бородулиха, Ұлан, Глубокое аудандық ауруханалары кіреді. 

- Бұл тоғыз нысанға барлығы 1023 медициналық техника сатып алынады, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов. - Ағымдағы жылдың 18 тамызында барлық тендерлер жарияланды. Барлық тендерлік үрдіс 44 күнге жалғасып, 2-3 қазан күндері аяқталады.

Қазіргі таңда техника турасында өткір ауыртпашылық тартып жатқан медициналық мекемелердің бірі облыстық онкологиялық диспансері. Қазір бұл саладағы техникалардың 70 пайызы тозып, жылдам арада ауыстыруды қажет етеді. 

- Өскемендегі компьютерлік томограф істен шықты. Жаңадан алынған технологияның көмегімен қатерлі ісікті ең алғашқы кезеңінде анықтауға мүмкіндік аламыз, - дейді Облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері Гүлмира Сағидуллина. - Сонымен қатар, УДЗ аппараттары сатып алынып, операциялық блок жабдықталады. Диспансердегі науқастарға қажетті арнайы төсектер, орындықтар сатып алынады.

Енді бұл құрылғылардың нақты түрде сатып алынып, лайықты орнына жеткізілуін қоғамшылдар мен журналистерден құрылған қоғамдық кеңес бақылауға алатын болды.

Следующая →