Қазақстанда жалпы тәжірибедегі дәрігерлер жетіспейді
Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік аурухналардағы жалпы тәжірибедегі дәрігерлер санын арттыру үшін қаржыландыруды өсіруге дайын
Дамудың 80-ші қадамы алғашқы көмекті дамыту негізінде медициналық сақтандыруды енгізумен тікелей байланысты. Яғни, ЖТД, учаскелік дәрігер мен педиатор – денсаулық сақтау саласының ең елеулі салалары. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің бірінші жарты жылдық қорытындысының коллегиясы отырысында министр Елжан Бітаңов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
- Негізгі сұрақ – дәрігерлерге артылатын жүк. Жоспар бойынша бір жалпы тәжірибедегі дәрігерге 1500 науқасқа дейін азайттық. Учаскелік терапевттер мен педиатрлерге өзге де есеп бар. Алайда өткен жылмен салыстырғанда ешқандай өсім жоқ. Керісінше оларға деген жүк арта түскен. Кадр ағымы жоғары, оларды толтыру үрдісі тым баяу, - дейді министр.
Осыған байланысты ол медициналық көмекті ұйымдастыру департаментіне қаржы департаментімен бірге және ММСФҚ-ға қажетті есеп жүргізуді тапсырды.
- Жалпы тәжірибедегі дәрігерлерді қажетті мөлшерге жеткізу қосымша шығынды талап ететінін түсінеміз. Біз бұған баруға дайынбыз, бірақ 2019 жыл соңына дейін нақты жоспар мен лайықты есебі болуы керек.
Следующая →