Қазақстанда медициналық қызметті сатып алудың жаңа ережесін әзірледі
ҚР Денсаулық сақтау министрі МӘМС жағдайында медициналық қызметті сатып алу жағдаяттарын айтты.
- Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде денсаулық субъектілерінен қызмет түрлерін сатып алу ережесі әзірленді. Қазіргі таңда тиісті бұйрық жобасы талқыланып, келісіліп жатыр, - деп қосымша хабарлады Елжан Біртанов.
«Жаңа ережелер бизнес субъектілерінің кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі (КТМКК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде қызмет көрсету тәртібін жеңілдетеді», – деп атап өтті министр. Оның айтуынша, денсаулық сақтау нысандарынан талап етілетін құжаттар 22 пайызға, ал, бастапқы медициналық құжаттама формалары 30 пайызға қысқартылды.
Медициналық қызмет сапасы туралы айтқанда, ол пациент медициналық сақтандыру жағдайында клиниканы және кәсіби дәрігерді таңдау мүмкіндігі болатынына назар аударды. Денсаулық сақтау министрлігі қазір медициналық бизнеске кедергілерді жою және нарықта бәсекелестікке ынталандыру бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Негізсіз 28 санитарлық ережелер жойылды, 24 құжатқа өзгерістер енгізіліп, бизнес үшін жағдайды жақсартатын 300-ден астам нормативтік актілер қарастырылуда. Мемлекеттің 14 реттуші функциясын нарыққа бері қарастырылуда. Атап айтқанда, дәрігерлерге категория беру, олардың білімін бағалау кәсіби қауымдастықтарға беру.
- Оған қоса, бұл ережелер пациенттердің емхана таңдау құқығын сақтап қана қоймай, көз дәрігері, невропатолог сынды т.б. салалық мамандарды таңдау мүмкіндігін арттырады. Ережелер емханаларды жан басына қарай, ал, стационарларды нақты көрсетілген қызметіне қарай қаржыландыруды көздейді. Бұл нені білдіреді? Былайша айтқанда, пациент емханаға тіркелген кезде жалпы практика дәрігерін таңдайды. Ол – пациент сенім білдірген маман ғана емес, пациентке Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізушілер тізіміндегі кез-келген ауруханаға жолдама алуға көмектесетін сарапшы рөлін атқарады. Осылайша, әр адам Қордың жеткізушілер тізіміндегі кез-келген мекемеде емделу құқығына ие болады», - деп түсіндірді министрлік.
Следующая →

Тақырыптар:
Министерство здравоохранения РК Обязательное Социально-Медицинское Страхование в Казахстане Елжан Биртанов