Қазақстанда 3,5 мыңнан астам адамға донорлық ағза қажет
Қазақстандық күту парағында ағзаларын алмастыруды қажет етітін 3,5 мыңнан астам пациенттер тұр
Бұл туралы бүгін ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева ҚР Бас прокуратурасының, ҚР Ішкі істер министрлігінің, ҚР Әділет министрлігінің, ведомстволармен, ғылыми-зерттеу институттарымен, үкіметтік емес ұйымдардың және медициналық ұйымдардың қатысуымен өткен дөңгелек үстел шеңберінде Қазақстанда трансплантацияны дамыту туралы барлық қатысушылардың пікірін тыңдау барысында баяндады, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты.
- Қазіргі уақытта Қазақстанда ағзалар мен тіндерді транспланттау бойынша жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Республика бойынша ағзалар мен тіндерді трансплантациялаумен тиісті барлық ресурстық талаптарға сәйкес келетін (кадрлар, жабдықтау, құрал-жабдықтар) 9 ірі медициналық орталықтар айналысады: «Онкология және трансплантология республикалық ғылыми орталығы» АҚ, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ, «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ, «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ, "№ 7 Алматы қалалық клиникалық ауруханасы" ШЖҚ МКК, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» РМҚК, «Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы» МҚК, «Ақтөбе облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК», – деп хабарлады Ажар Төлеғалиева.
Ол, нормативтік – құқықтық базаның барын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінде арнайы 27 тарау, 169,170,171 баптары бөлінгені туралы хабардар етті.
- Барлық операция тегін, мемлекет есебінен жасалады. Басты мәселе донорлардың жетіспеушілігі. Терминалдық ағзалық жеткіліксіздігі бар пациентке, өмір сүруге мүмкіндік беретін жалғыз емдеу әдісі бұл - транспланттау болып табылатынын атап өту қажет. Отандық трансплантология өз кезегінде, мемлекетке құтқарылған өмір, мүгедектікті азайту, отбасын құру мен нәрестелердің өмірге келуіне ықпал етеді", - деді ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры.
Халықаралық сарапшылардың зерттеуіне сәйкес, бір жылда 1 млн. халыққа шаққанда органдардың трансплантациясы есептік қажеттілік санының: бүйрек – 74,5; жүрек – 67,4; бауыр – 59,1; ұйқы безі – 13,7; өкпе – 13,7; өкпе–жүрек кешені– 18,5 құрайды.
- Қазақстандық күту парағында ағзаларын алмастыруды қажет ететін 3,5 мыңнан астам пациенттер тұр, олардың басым бөлігі – 2700 адам –бүйрек трансплантациясын қажет етеді. 500-ге жуық пациенттерге бауыр қажет, 150-ден астам қазақстандықтарға жүрек және бірен-саран жағдайларды - 4 адамға өкпе трансплантациясы қажет. Соған байланысты, өмірге үміт сыйлайтын еліміздегі донорлықты дамыту үшін барлық Қазақстан азаматтарының жан-жақты қолдау көрсетулерін сұраймыз, - деді Ажар Төлеғалиева.
Қазақстанда соңғы 5 жылда 1057 ағзалар мен тіндердің трансплантациясы өткізілді, соның ішінде 44 – жүрек трансплантациясы, 183 – бауыр трансплантациясы, 824-бүйрек, өкпе - 4, ұйқы безі -2.