Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Бүйрегін рұқсатсыз алған азаматтың туыстары дәрігерлерден миллион талап етуде

Денсаулық сақтау министрі ақтөбелік жігіттің бүйрегін дәрігерлердің кесіп алуын заңды деп мәлімдеді

Ақтөбеде қайтыс болған жігіттің ішкі ағзасын туыстарының рұқсатынсыз алғандар сот алдында жауап бере бастады, деп хабарлайды «КТК телеарнасының сайты». Марқұмның отбасы азаматтық сотқа облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мен жергілікті газет үстінен шағым түсірген. Өйткені, Серікболсын Көшербайдың бүйрегін екі науқасқа салған бойда аймақтың бас хирургі сүйіншілеп баспасөзге сұхбат беріпті. Мүшелеуге ешкімге рұқсат бермедік деген марқұмның жақындары енді екі тарап та жазасын алсын деп талап етіп отыр. 

22 жастағы Серікболсын Көшербайдың жүрегі тоқтамай тұрып, қос бүйрегін сойып алған дәрігерлерге қатысты дау өршіп барады. Марқұмның туыстары қаралы хабарды естіртпей тұрып, ең алдымен баспасөзге сұхбат берген мамандарға ашулы. Аймақтың бас хирургі Ерлан Сұлтангереев мәйіттің ішкі ағзасын алуға жақындары рұқсат берді деп сүйінші сұраған екен. Енді жалған ақпарды жариялаған дәрігердің мекемесінен бастап, жергілікті «Ақтөбе» газеті де сот алында жауап берсін дейді жәбірленушілер.

-Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау департаментінен талапкер бір миллион теңге келтірілген залалды өндіру туралы қосымша талап арызын ұсынып отыр. «Ақтөбе» газетінде Сұлтангереевтің мәлімдемесін жоққа шығару туралы хабарлама берілу керек, - дейді адвокат Қатарбай Раисов.

Алайда, мәйіттің кез келген мүшесін ешкімнен рұқсат сұрамай алу заңмен реттелген екен. Тек, түсіндіру жұмыстары жүргізілмегендіктен, жұрт осынау даудан соң ол заң туралы енді естіп жатыр. Бүйрек дауынан кейін бұл іске тіпті Денсаулық сақтау министрінің өзі кірісті.

-Бізде Қазақстанда келісім беруге қатысты мәселе шешілген. Егер адам тірі кезінде донор болуға қарсы екенін білдіретін құжат қалдырмаса , ол келісім берген болып саналады. Мысалы, жол апатынан соң науқастың беті бері қарамайтын болса туыстарының рұқсатынсыз ағзасы алынады, - дейді ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Қазір марқұмның қос бүйрегін рұқсатсыз алғандармен қатар, жігіттің өліміне себепкер болған күдіктіге де қатысты тергеу жүріп жатыр. Екі апта бұрын тойға барған Серікболсын Көшербай, ауылдасымен жанжалдасып, қарақұсынан соққы алған екен. Үйіне келген бойда басы ауырып тұрғанын айтып, ұйқыға кеткен. Содан ес жимай ауруханаға түсіпті. Ал күдікті қазір қамауда отыр.

-Ақтөбе обдлысы ішкі істер департаменітімен Серікболсын Көшербайдың денсаулығына, оның өліміне әкеліп соқтырған, ауыр залал келтіру дерегі бойынша аудан тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды, - дейді Ақтөбе облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Айнұр Аманқұлова-Нұрадинова

Елімізде ағза транспланттау саласында мәйіттік донорлық мәселесі даулы тақырыптардың бірі. Біріншіден, қайтыс болған адамның туыстары өз қарсылықтарын білдіреді. Екіншіден оларға донор тапшылығынан талай адамның жан тапсырып жатқанын түсіріндіріп, кеңінен насихатап жатқандар шамалы. Сондықтан мәйіттің ағзасын рұқсатсыз алуға қатысты дау әзір шешілмейтін сияқты. 

Следующая →