Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Мемлекет дәрі бағасын бақылауды бастамақ

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан бөлшек саудадағы барлық дәрі-дәрмек бағасын белгілеп отыруды бастамақ

Бұл жайында ҚР Үкіметінің отырысында ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртаңов айтты. Министр қазіргі уақытта бөлшек саудада дәрі-дәрмек бағаларын бақылауға қатысты заң жобасы концепциясы жасалып жатқандығын айтты.

- Заң жобасы осы жылдың күз айында Парламентке тапсырылады. Жылдың аяғында дейін жаң жобасы мақұлданады деп үміттенеміз, ал 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бөлшек саудадағы дәрі-дәрмек бағаларын бақылай бастаймыз, - деді ведомства басшысы.

Министр сонымен қатар, тегін медициналық көмек шеңберінде сатып алынатын дәрілік препараттар туралы да сөз қозғады. Бұл мақсатта қазіргі уақытта 90 млрд. теңгеге дәрі сатып алу жоспарлануда.

- Бүгінгі таңда біз тегін дәрі-дәрмектерді тұрғындарға табыстау үшін 90 млрд. теңге қаражат бөліп отырмыз. Бұл дәрі-дәрмектер амбулаторияларда сақталып, дәрігердік рұқсаты бойынша беріледі. Ал жалпы қаражаттың ішінен 50 млрд. сомаға алынатын дәрілік препараттарды бір ғана дистрибьютерден сатып аламыз. Мониторинг көрсетіп отырғандай, дәріге деген қажеттіліктердің барлығы қанағаттандырылды, - деді Е.Біртаңов.

Ал қалған 40 млрд, соманы жергілікті атқарушы органдар тарапынан жұмсалады.

- Бұл жерде айта кетерлік бір мәселе бар. Дәріханалар қызметіне деген тендерлік сатып алудың тоқтап тұрғандығына байланысты республикамыздың кейбір аймақтарында тегін дәрі-дәрмек тапшылығы орын алып отыр. Яғни дәріханалар байқауға қатыса отырып, сомасы мемлекет төлейтін дәрілерді халыққа тарату керек еді. Өкінішке орай, мұндай келеңсіздік жыл сайын қайталатын болды. Алдаңғы уақытта Министрлік жанындағы қоғамдық кеңес жиналысы болмақ, дәрі-дәрмектерді амбулаторияға жеткізудің жаңа моделін жасап шығуды талқыламақпыз, - деді ведомства басшысы.

Министрдің сөзі бойынша, ендігі кезекте тегін дәрі-дәрмектерді тек бір ғана дистрибьютер тасымалдамақ.
Следующая →