Қазақстан азаматтарына 31 маусымға дейін жергілікті емханаларға тіркеуге тұру қажет
5 сәуір күні Қазақстанда «Емханаға тіркел де, МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» атты емханаларға тіркелу науқаны басталды
Бұл туралы бүгін пресс-конференцияда ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева мәлімдеді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің сайты.
- Емхана – ол кез келген медициналық көмек алу үшін «кіреберіс қақпа» болып табылады. Шын мәнінде қайда тіркелгеніңізді тексеру – сіз үшін маңызды. Себебі, азаматтардың басқа қалада, ауданда тұрып, өзге өңірлерде тіркелетін жағдайлары жиі кездеседі. Мұндайда медициналық қызмет көрсету бойынша қиындықтар туындауы мүмкін. Осыған байланысты, 5 сәуір мен 31 маусым аралығында әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебесін анықтау керек, – деді Лязат Ақтаева.
Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарына (бұдан әрі –МСАК) тіркеу тұрақты немесе уақытша тұратын жері, жұмыс, оқу орны бойынша жүзеге асырылады. Сондай-ақ, тұрғындар дәрігерді еркін таңдауға және бір әкімшілік-аумақтық бірлік құзыреті бойынша медициналық ұйымнан көмек сұрауға құқылы. Азаматтар дәрігер мен емхананы еркін таңдаған кезде, емханаға тіркелу бір рет қана жүзеге асырылады.
МСАК ұйымдары азаматтарды жеке өтініші арқылы ғана тіркейді. Отбасы мүшелерін тіркеу отбасы мүшелерінің біреуі арқылы, өзге отбасы мүшелерінің жазбаша келісімі болған жағдайда және отбасының әрбір мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттарын көрсету арқылы жүзеге асырылады.
- Медициналық қызмет алу үшін өз үйіңізге жақын маңда орналасқан емхананы таңдағаныңыз жөн. Емхананың жақын орналасуы сізге және учаскелік дәрігерге ыңғайлы болмақ. Себебі дәрігерді үйге шақырған кезде, ол сізге уақтылы келіп, сапалы қызмет көрсете алады, - деді ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева.
Еліміздің әр тұрғыны емханаға тіркелу науқаны аясында бастапқы медициналық ұйымға тіркелгенін тексерумен қатар, өзінің санаты туралы мәлімдеуі қажет. Сіз кімсіз - жалдамалы қызметкер, жеке кәсіпкер, өзін-өзі жұмыспен қамтушы азамат, әлде ресми кірісі жоқ немесе еш жерде жұмыссыз ретінде тіркелмеген жұмыссыз азаматсыз ба?
Болашақта сақтандырылатын адамның санатын анықтау қажетті медициналық көмек алу кезінде қиындықтар туындатпау үшін маңызды болып табылады.
МӘМС жүйесіне қатысу туралы барлық ақпаратты, жарналар мөлшері және төлеу схемаларын Сіз өз емханаңыздағы тіркеу орныңыз немесе сіздің учаскелік дәрігеріңіз арқылы біле аласыз.
Сонымен Сіз емхананы таңдадыңыз, енді оған қалай тіркелу керек? Мұны жүзеге асыру өте оңай.
Бұл үшін Сізге емханаға жеке басты куәландыратын құжатпен келіп, бас дәрігердің атына өтініш жазуыңыз керек. Ешқандай атаулы анықтама талап етілмейді. Сізді тіркеу өтініш түскен күні жүзеге асырылады.
Емханаға тіркелудің екінші тәсілі ғаламтор пайдаланушылар үшін ыңғайлы. "Электронды үкімет" (еgov.kz) порталы арқылы электрондық құжат нысанында азаматтың мәліметтерін көрсете отырып, сұрау салу қажет. Емханадағы жауапты қызметкер электрондық сұрау салуды тиісті ақпараттық жүйелерден алады және сіздің тіркеу туралы электрондық түрде талоныңызды ресімдейді. Тіркелгеніңіз жөніндегі туралы ақпаратты "еgov" порталындағы «Емхананы таңда» бөлімінде анықтай аласыз.
Сондай-ақ, азамат тек бір емханада ғана тіркеле алады. Оның бір уақытта бірнеше емханада тіркелуі мүмкін емес. Пациент өз өтінішімен МСАК ұйымына тіркелу кезінде осыған дейін тіркелген МСАК ұйымынан «Азаматтарды тіркеу регистрі» порталы арқылы автоматты түрде шығарылады», - деп атап өтті Ажар Төлеғалиева.
Следующая →

Тақырыптар:
Обязательное Социально-Медицинское Страхование в Казахстане Министерство здравоохранения РК