Өскемен
пасмурно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -8°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -12°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -11°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +1°
$
492.17
-2.78
522.39
-3.10
¥
68.27
-0.13
5
-0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Тегін медициналық сақтандыруға кімдер кіреді?

«Міндетті медициналық сақтандырумен» бірінші кезекте ақ халаттылар жолығады. Осы тұрғыда оның халыққа деген маңыздылығы мен қажеттілігі жайында дәрігерлер қауымының жетік біліп, түсіндіре алуы маңызды

Осы мақсатта дәрігерлер ұжымымен арнайы кездесу өтті.

- Міндетті медициналық сақтандыру балалардан бастап қарттарға дейін тегіс қамтылады, - дейді Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу бойынша республикалық ақпараттық-түсіндірмелі жұмыс жүргізу штабының координаторы Зәуреш Балкенова. – Мемлекет 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қорғалмаған тобына жарна төлейтін болады. Заң жобасы бойынша халықтың 14 санатын айтамыз. Олардың ішіне балалар, студенттер, жүкті әйелдер, қарттар және т.б. кіреді. Бала 18 жасқа толғанға дейін медициналық емшараға мемлекет төлейтін болады.

Бірінші ХҚКО-ға немесе кезекші дәрігеріңіз арқылы емханаға барып «медициналық сақтандыруға» тіркелесіз.

Әлеуметтік қорғалмаған топқа 10 миллион 30 мың адам кіреді. Осының барлығына мемлекет жарна төлейтін болады, - дейді Зәуреш Балкенова. – Мемлекет қазір денсаулық сақтау саласына жыл сайын 915 миллиард теңге бөледі. Ал қалған 7 миллион 800 мың адам жұмысқа қабілетті жастағы адамдар.

Зәуреш Қайдарқызының айтуынша, міндетті медициналық сақтандыру қорына қысқа уақыт аралығында Қазақстанның 70-80 пайызы тіркеледі деген үміт артатынын және бұған дайын болу керек екенін дәрігерлер қауымына ескертіп өтті. Словакия елінде бұл жүйенің толық қалыптасуына бес жыл кеткен көрінеді.

- Медициналық сақтандыру қорына 2-ші деңгейдегі банктер мен «Қазпошта» арқылы төлем жүргізуге болады. Қарызгерлік 3 айға дейін жалғасады. Ортақ ақпаратты база болғандықтан кімнің төлем жүргізгенін, жүргізбегенін біліп отыруға болады. Мысалы, үш айдан артық қаражат төленбеген болса, емхана емделушіні емдеуден бас тартады, - дейді Зәуреш Балкенова.

Айта кету керек, сонымен қатар Қазақстан азаматы бола тұрып, шетелде жүргендер де сақтандыру қорына қаражат төлейтін болады. Сонымен қатар Қазақстанда тұрып, жұмыс істейтін шетел азаматтары да бұл төлемдерді жүргізеді. 

Следующая →