Травмотологиялық пункт ашылады
Наурыздан бастап қалада бірегей жедел травмотологиялық көмек көрсетк пункті ашылады
Абай даңғылы, 18 мекенжайында орналасқан «№1 Өскемен қалалық ауруханасында» жедел түрде травмотологиялық көмек көрсету үшін асығыс ауруларды тәулік бойы қабылдайтын болады.
Денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығына сәйкес барлық травмотологиялық пунктері травмотологиялық бөлімшелердің жанынан ашылуы тиіс.
- Бірегей травмотологиялық пунктін ашу емделушіні қажетті жағдайда стационарға жеткізу уақытын қысқартады, - деп хабарлайды ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы мамандары. - Өйткені бұл пункт стационармен бірге бір ғимаратта орналасқан. Жедел медициналық жәрдем көрсету көлігіне ауруды қаланың үш травмотологиялық пункттерінен бүкіл қала арқылы жеткізуге мұқтаждық болмайды да қажетті көмек уақытында көрсетіледі. Қалған бос уақыт жедел жәрдем шақыртуларына қызмет көрсетуге бағытталады.
Травмотологиялық кеңселер «Амбулаториялық орталық» мекемесінде (Абай даңғылы, 1), «№2 Өскемен қалалық емханасында» (Буров көшесі, 61) қалады. Бұл жерлерде 1 наурыздан бастап дәрігерлік амбулаториялардың жолдамаларымен келген және тек қана күндізгі уақытта қаралатын жоспарлы науқастарға (жедел жәрдем көрсетуге тиіс еместерге) көмек көрсетіледі.
Азамат Нұрболатұлы