Назарбаев астаналық медицина мектебінде оқитындардан ұлы жаңалықтар күтеді
Қазақстан Президенті Нұсұлтан Назарбаев сәрсенбі күні «Назарбаев университеті» жанындағы жаңа медициналық мектеп мекемесін көріп, оқушылар мен мұғалімдермен кездесті
Қазақстан президентінің ресми сайтында хабарланғандай, Нұрсұлтан Назарбаев заманауи талаптарға толып жауап беретін жаңа медицина мектебін көріп қайтты. Мұғалімдер мен оқушылармен сөйлескен Қазақстан Президенті қазіргі заман медицина мен биология ғылымдарының жүзінде тұрғанын айтты.
- Білім беру, жаңа медицина мекемесінің құрылғыларын әлемдік университеттермен теңеуге болады. Сондықтан сендерден ұлы жаңалықтар күтемін. Сендердің зерттеулерің, зертханалық мүмкіндіктерің, мұғалімдердің ғылыми дәрежелері ең ауыр деген ауруларды емдеудің жаңа тәсілдерін тауып, адам өмірін ұзартуға мүмкіндік береді. Бұл мектеп негізгі базалық мектеп мекемесі ретінде жасалды. Ол қалған университеттерді соңынан ертеді, - деді Назарбаев.
Президент сонымен қатар ХХІ ғасырда медицина мен биология ақпараттық технологиялармен қатар бірінші орында болатынын ескертті.
- Барлық ғылымдар бір бірімен байланысқан және көптеген жаңалықтар олардың түйіскен жерінде ашылады. Бұл қабырғада ғылым дамуы керек, бізге жан жақты ғалымдар керек, - деді Қазақстан Президенті.
Следующая →