Қарағанды облысында тағы да сібір жарасы анықталды

«Сібір жарасы» диагнозы Қарағанды облысындағы ауруханада жатқан үш науқаста анықталған, деп хабарлайды облыстық әкімдікдің баспасөз қызметі
01 қыркүйек 2016 года, 07:20 2504 Устинка Live
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Исследования выявили сибирскую язву еще у двух жителей Карагандинской области
Ақпарат көзі: © bezvrediteley.ru Фото: © vestamedc.ru
 «Сібір жарасы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында анықталып отыр. Қазіргі кезде үш адам ауруханаға жатқызылды. Бір науқастың сібір жарасына шалдыққаны расталды. Екі адам - Ақтоғай ауданының тұрғыны, тағы бір адам - Балқаш қаласының тұрғыны ауру малды союға атсалысқан», деп хабарлайды, баспасөз қызметі.

«2016 жылғы 16 тамызда науқастар өздерінің ауласында ірі қара малды сойған. Ветеринарлық тексерусіз және жалған құжатпен сатып алынған өгізшені сою барысында олар ауру жұқтырып алған. Ет алып-сатарларға сатылған. Қазіргі уақытта 68,3 келі ет тәркіленді. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облыстық департаменті эпидемияға қарсы іс-шараларды толық көлемде іске асыруда, байланыста болған адамдардың арасынан науқастарды анықтау үшін күн сайын аулаларды аралау жүргізілуде»,- делінген ресми хабарламада.


Загрузка...

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз