ШҚО Монғолия мемлекетінің нарығында отандық автокөліктерді сатуды жоспарлап отыр
Облыс әкімі Даниал Ахметов арнайы жұмыс сапарымен Моңғолия Республикасының премьер-министрі Цэрэндашийн Оюунбаатармен кездесті
Фото:
ztb.kz
Кездесу барысында автомобиль өндірісі саласындағы екіжақты серіктестіктің келешегі туралы сөз қозғалды.
Жақын уақытта Монғолия тұрғындары «БИПЭК АВТО–АЗИЯ АВТО» холдингінің автокөліктерін пайдаланбақ.
Келіссөздер қорытындысы бойынша жақын арада Монғолия мемлекетіне аталмыш сұрақ бойынша нақты ұсыныстар жасасу үшін арнайы жұмыс тобы жіберілетін болады.
Жалпы, «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» - Еуразиялық одақтың автокөлік нарығына шығу жоспарын сәтті іске асырған бірінші қазақстандық компания. 2015 жылы қазақстандық холдинг еліміз бойынша 15 және Ресей қалаларында өзінің 11 авто орталық жүйелерін ашты.
«БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» қазақстандық холдингінің келісім шарттық аумағы 7 мемлекетті, соның ішінде Қазақстан мен 84 млн тұрғыны бар Ресейдің азиялық бөлігі.
Айта кету керек, ШҚО әкімі Даниал Ахметов осыған дейін Әзірбайжан Республикасының Премьер-министрі Артур Раси-Задемен, Қырғыз Республикасының Премьер-министрінің орынбасары Олег Панкратовпен және Тәжікстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары Азим Ибрахиммен осы мақсатта келіссөздер жүргізген болатын.
Следующая →