Дизель бағасын негізсіз көтергендерді көрсеңіз, қайда хабарласу қажет?
ҚР Энергетика министрлігі мен ірі АЖҚС желілері дизель отыны мәселелері бойынша азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қабылдау үшін "жедел желіні" іске қосты
Клиенттерді қолдауға арналған жедел желі стационарлық және мобильді нөмірлер бойынша, сондай-ақ танымал мессенджерлерде қолжетімді.
Call-center:
Қалалық: +7 (7172) 78-69-55
Ұялы байланыс: +7 (708) 812-02-31
Telegram / WhatsApp: +7 (708) 812-02-31
Орталық мемлекеттік органның кері байланысының бұл түрі азаматтарға елдегі жанармай құю станцияларындағы заң бұзушылықтар туралы ҚР Энергетика министрлігіне жедел хабарлауға мүмкіндік береді.
Энергетика министрлігінің жедел желісіне оператор бекітілді, ол келіп түскен өтініштерді бақылап, талдап отырады.
Азаматтардан алынған ақпараттың дұрыстығы тексерілгеннен кейін негізсіз әрекеттер мен заң бұзушылықтардың барлық фактілері тиісті шара қолдану үшін құзыретті мемлекеттік органдарға берілетін болады.
Болжамдар мен қауесет болдыртпау үшін біз азаматтарды АЖҚС тарапынан бұзушылықтар немесе заңсыз құю фактілері туралы "жедел желіге" хабарлауға және көмек көрсетуге шақырамыз, - деді министрліктегілер.
Сондай-ақ, еліміздің ірі АЖҚС-тарындағы "жедел желілер" бойынша қосымша деректерді ұсынамыз.
Qazaq Oil және ҚазМұнайГаз
Call-center: 9911
Telegram / WhatsApp: +7 (771) 046-46-46
Instagram: azs_qazaq_oil
Sinooil
Call-center: 8-800-070-01-80
Instagram: sinooil.kz
Helios
Қолдау орталығы: 8-800-080-5444
Telegram / WhatsApp: +7 (777) 708-00-39
Instagram: helios_kz
Қалалық телефондар үшін: helios.kz/kontakty
Газпромнефть
Call-center: 8-800-080-10-08
Instagram: gazpromneft_kz