Елімізде бәсекелестікті дамытудың Жол карталары әзірленетін болады
ҚР бәсекелестікті қорғау және дамытуға арналған стратегиялық құжатқа қол қойылды
Мемлекет басшысы өз Жарлығымен Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау мен дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті. Тұжырымдамада бәсекелес ортаның ағымдағы жай-күйіне және бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу бойынша қабылданатын шараларға талдау ұсынылған, орта мерзімде шешілуі тиіс түйінді мәселелер белгіленген.
Жүргізіліп жатқан реформаларға қарамастан, Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы бәсекелестік ортаның бұрмалануына ықпал ететін жүйелі проблемалар сақталуда", – деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту тетіктерін жетілдіру бойынша әзірленген шаралар монополияға қарсы реттеудің профилактикалық шараларының нәтижелілігін арттыру есебінен бұзушылықтардың санын азайтуға (нарық субъектілерінің монополияға қарсы комплаенс актілерін қабылдауы бойынша ынталандыруды дамыту, түсіндіру институттарын және ұсынымдарды дамыту), сондай-ақ монополияға қарсы орган қабылдайтын шешімдердің сапасын арттыруға (экономикалық талдау сапасын арттыру, бас экономист институтын енгізу) бағытталатын болады бәсекелестік, сандық платформалардың үстем жағдайын бағалаудың жаңа факторлары). Ұлыбританияның тәжірибесі бойынша жосықсыз бәсекелестікті ашу тетіктері шеңберінде баға белгілеудің 5 жосықсыз схемасы қаралатын болады.
Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. Іске асырылып жатқан шаралар мемлекеттік тапсырмалардың, бірыңғай мемлекеттік операторлардың, Мемлекеттік сатып алу мен квазимемлекеттік сектор сатып алуының бәсекеге қабілетсіз түрлерінің санын қысқартуға бағытталған.
Президенттің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 484 Жарлығына сәйкес бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу және проактивті бәсекелестік саясатын енгізу жөніндегі жұмысқа барлық орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары тартылатын болады. Атап айтқанда, салалық реттеушілермен монополияға қарсы орган жүргізген талдау қорытындылары бойынша бәсекелестікті дамытудың Жол карталары әзірленетін болады.