Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанда соңғы екі жылда ай сайын күнбағыс майы қымбаттап отыр

Тек соңғы бір жылда ғана Қазақстанда май 20%-ға қымбаттаған, бірақ осы саладағы отандық өндіріс үнемі артып отырады

Новости Казахстана / Экономика в Казахстане / В Казахстане на протяжении двух лет ежемесячно дорожает подсолнечное мало
Фото:
Устинка LIVE

Күнбағыс майы ең жоғары бағада Атырау, Алматы, Ақтау қалаларында сатылады.

Елімізде ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында күнбағыс майын өндіру 197,3 мың тоннаны құрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,6%-ға артық. Оның ішінде тазартылмаған күнбағыс майы131,4 мың тоннаны құрады. Аталмыш көрсеткіш өткен жылдың қаңтар–мамыр айларымен салыстырғанда 61,3%-ға артық. Тазартылған күнбағыс майына тиісінше 65,9 мың тонна болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,9%-ға аз.

Отандық кәсіпорындар 2022 жылғы қаңтар–сәуірде күнбағыс майына сұранысты 83,5 пайызға қамтамасыз етті. Осы кезеңде өндіріс көлемі 149,1 мың тоннаны құрады.

Сонымен қатар 66,3 мың күнбағыс майы экспортталды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 71,3 пайызға көп.

Нәтижесінде ішкі нарықта 112,2 мың тонна күнбағыс майы сатылды, бұл 2021 жылғы қаңтар–сәуір айларымен салыстырғанда 0,6 пайызға артық. Осы жылдың мамыр айында елімізде күнбағыс майының орташа бағасы бір литр үшін 808 теңгені құрады.

Күнбағыс майы ең жоғары бағада Атырау, Алматы, Ақтау қалаларында сатылса, төмен баға Семей, Петропавл және Өскемен қалаларында кездеседі.

Айта кетейік, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бағаны тұрақтандыру және секторда тапшылықтың туындауын болдырмау үшін 2022 жылғы 31 тамызға дейін елімізден күнбағыс майын әкетуге шектеулер енгізді. Ағымдағы жылдың маусым–тамыз айларында күнбағыс майын әкетуге арналған квотаның мөлшері 68 мың тоннаны құрайды, бұл ретте квотаның қолданылу кезеңіне бір өтініш беруші үшін жол берілетін ай сайынғы лимит белгіленеді, ол жиынтығында 6 мың тоннадан аспайды.

Следующая →