100-ге жуық шығысқазақстандық жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша автокөлік сатып алды
Өнеркәсіпті дамыту қорының мамандары мемлекеттік бағдарламаның қалай жүзеге асырылып жатқанын айтып берді
16 мамырда басталған жеңілдікпен автонесиелеу бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банктер 21 897 өтінім алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Оның ішінде 65,1 миллиард теңге сомаға 8 795 өтінім расталды. Бүгінгі таңда 974 автокөлік берілді, - деп мәлімдеді Өнеркәсіпті дамыту қоры.
Басқармада сондай-ақ бақытты автокөлік иелерінің тізімі ұсынылды. Аймақтар бойынша ол келесідей:
- Астанада -111 авто;
- Алматыда - 201;
- Ақмола облысында - 18;
- Ақтөбе облысында - 35;
- Алматы облысында - 7;
- Атырау облысында - 26;
- Шығыс Қазақстан облысында - 92;
- Жамбыл облысында - 54;
- Батыс Қазақстан облысында - 34;
- Қарағанды облысында - 81;
- Қостанай облысында-65;
- Қызылорда облысында - 16;
- Маңғыстау облысында - 29;
- Павлодар облысында - 37;
- Солтүстік Қазақстан облысында - 14;
- Шымкентте -108;
- Түркістан облысында - 46.
Естеріңізге сала кетейік, жеңілдетілген бағдарлама бойынша жұмыс істейтін банктерге: "Қазақстан Халық банкі", "Банк Центр Кредит", "Еуразиялық Банк" және Forte Bank жатады.
Сарапшылардың пікірінше, жеңілдетілген шарттар бойынша автокөлік несиесін тек 10 мың қазақстандық ала алады.