Жарымжан балаларға жәрдемақы төлеу үшін 22 млрд.теңге бөлінбек
2015 жылы жарымжан бала тәрбиелеуші азаматтарға жәрдемақы төлеу үшін республикалық қордан 19,1 млрд теңге бөлінген болатын
Фото:
drugie-goroda.ru
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің сейсенбі күнгі хабарламасында көрсетілгендей, 2015 жылы бөлінген жәрдемақы көлемі 22 433 теңгені құрайды. Аталмыш төлемақыны 69,3 мың адам алды.
Ал 2016 жылы жарымжан бала тәрбиелеушілерге жәрдемақы төлеу үшін республикалық бюджеттен 22 млрд. теңге қарастырылған.