Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да азық-түлік тауарларының бағасы өсуде

ШҚО Кәсіпкерлік басқармасының мәліметінше, облыс орталығында жыл басынан бері сәбіз, картоп, қырыққабат, пияз, күнбағыс майы, тауық еті, қарақұмық жармасы, қант бағасы көтерілді

Новости Казахстана / Экономика в Казахстане / Цены на продовольственные товары продолжают расти в ВКО
Фото:
Устинка LIVE

Шығыс Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша өңірлік штабтардың отырыстары үнемі өткізіліп тұрады. Алайда жыл басынан бері облыста тауарларға баға индексі орташа республикалық көрсеткіштен 0,4 пайызға жоғары, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, облыс орталығында жыл басынан бері сәбіз, картоп, қырыққабат, пияз, күнбағыс майы, тауық еті, қарақұмық жармасы, қант бағасы қымбаттады.

Кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Ольга Григорьеваның айтуынша, өңірде бағаларға мониторинг жүргізіліп, оларды тұрақтандыру бойынша түрлі шаралар қабылдануда.

Мысалы, ұн, қант, макарон, жұмыртқа, көкөніс бағаларын тұрақтандыру үшін "айналым схемасы" шеңберінде "Крупнофф" ЖШС, "Агрофирма "Приречное" ЖШС, "Semey Qus"ЖШС компанияларына қарыздар берілді. Олардың өнімдері "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының сауда павильондарында Өскемен және Семей қалаларында тіркелген бағалар бойынша сатылады.

"Ертіс" ӘКК арқылы қосымша 3 мың тонна картоп, 400 тонна сәбіз, 3,5 мың тонна бакалея өнімдері сатылады.

2 700 көтерме сатушылармен, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен және сауда объектілерімен ең төменгі жеті пайыздық сауда үстемесін қолдану туралы меморандумдар жасалды. Ал 1 сұрыпты ұн, нан, күнбағыс майы, қарақұмық жармасының бағасын тұрақтандыру үшін облыс әкімдігі мен "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы арасында 20 мың тонна бидай астығын, 9 мың тонна күнбағыс тұқымын, 6 мың тонна қарақұмық тапсыру бойынша меморандум жасалды, - деді Ольга Григорьева.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында 44 әлеуметтік дүкен мен 465 әлеуметтік бұрыш жұмыс істейді, онда негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары ең төменгі сауда үстемесін қолдана отырып сатылады. Бұдан басқа, өңір кәсіпкерлерімен сатып алу бағасының 15 пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін сақтау бөлігінде заңнама нормаларын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Следующая →