Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда әкімдерді сайлауға 17,6 млрд теңге жұмсалады

Бұған дейін Қазақстан Мәжілісі аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды көздейтін заң жобасын қабылдаған болатын

Бес жыл ішінде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауға шамамен 17,6 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров.
- Әкімдерді тікелей сайлауды қаржыландыру (аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер) жергілікті бюджеттер арқылы жүзеге асырылады. Алайда, жалпы трансферттердің қолданылу кезеңінде жергілікті бюджеттің шығындарын міндетті түрде өтеу туралы бюджет кодексінің нормаларын ескере отырып, алдағы екі жылда сайлау ОСК арқылы қаржыландырылатын болады. Ал 2023 жылдан бастап бұл шығындар жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына енгізілген және жалпы трансферттерді есептеу кезінде ескерілетін болады, - деді Әлішер Әбдіқадыров "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заңға өзгерістер енгізуді көздейтін заң жобасын таныстыру кезінде. - Бұл үшін 17,6 миллиард теңге қажет (бес жыл ішінде, 2026 жылға дейін ). Оның 4,8 миллиард теңгесі  биыл 800-ден астам әкім сайлауға жұмсалады.
Сейсенбі күні Қазақстан Мәжілісі аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды көздейтін заң жобасын қабылдады.
Следующая →