Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстандағы бірде-бір сауда нарығы заманауи талаптарға сай емес

Бұл туралы ҚР Сауда министрлігінің басшысы Бақыт Сұлтанов мәлімдеді

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов елді азық-түлікпен қамтамасыз етуде кездесіп отырған басты проблемаларды атады, деп жазды ҚазАқпарат сайты.

- Азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі жағдайы біріншіден өнімді ұзақ мерзімге сақтау үшін сапалы инфрақұрылымның жетіспеушілігімен сипатталады. Бұл ауыл шаруашылық өндірушінің шығынын арттырады. Екіншіден сауда-логистикалық инфрақұрылым нысандарының бір-бірімен дұрыс үйлестірілмеуі тұтынушыға дейін жеткізетін тауар жолын қиындатады. Үшіншіден сауда инфрақұрылымының ескі форматтары өнімді тиімді таратып, ұзақ мерзімге бағаны тұрақтандыруға жол бермейді. Сонымен бірге еліміздегі көлік-логистикалық жүйенің қымбаттылығы мен тиімділігінің төмендігі транзиттік мүмкіншіліктері мен экспорттық әлеуетті толық ашуға қосымша қиындықтарды туындатады, - деді Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша өндіріс пен тұтыну үйлесімі туралы айта келе ішкі нарықтағы сұраныс отандық азық-түлік тауарлары есебінен жабылатыны айқын екенін жеткізді.

- Алайда қазіргі инфрақұрылым, жетілдірілмеген логистика, тауар айналымына қатысушылардың өзара нақтыланбаған іс-қимыл бағаның едәуір өсуіне алып келеді. Еліміздің әрбір азаматы мұны осындай жағдайда әсіресе маусымаралық кезеңде сезінеді. Жыл сайын ақпаннан мамырға дейін, егін қоры таусылып, көрші елдерден жаңа өнім келе бастағанда біз бағаның жоғары тұрақсыздығын байқаймыз. Бұл өз кезегінде инфляцияға теріс әсер етеді, - деді ол.
Следующая →