Қазақстанда су жетіспей қалу қаупі бар
Сарапшылар 2040 жылға қарай Қазақстандағы су қоры қысқаруы мүмкін екендігін болжап отыр
Экология, геология және табиғи ресрустар министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының кеңесшісі Ерлан Бадашевтің айтуынша, 20 жылдан кейін құрғақшылық орнауы мүмкін, деп мәлімдейді Tengrinews.kz сайты.
Ол үшін бірнеше себеп бар.
Ең алдымен құрғақшылыққа суландыру жүйесінің жетілдірілмегендігі әсер етуі мүмкін. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығына судың 70%-ы кетеді. Көбі негізсіз жұмсалып жатыр.
Тағы бір себебі – көрші елдердің су бөгеттері.
- Біз қазір өзендердің төменгі ағысындамыз. Сондықтан да жоғарыдағы елдердің су шаруашылығына тәуелдіміз. Мәселен, Өзбекстан суармалы жер көлемін арттырмақ. Сәйкесінше, суды көбірек тұтынатын болады, - деді Ерлан Бадашев.
Дегенмен қазіргі таңда елдегі су ресурстарын рационалды пайдалану мәселесін қайта жасап жатыр. Ирригация жүйесін жасау үшін 30 млн доллар инвестиция құйылды.
Су жетіспеушілігі өңірдегі экономикалық дамуды тежеуі мүмкін.