Ұстаздардың жалақысы қаншаға өседі?
Қазақстанның бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов педагогтердің жалақысын келесі екі жылға арттыруға қанша қаражат бөлінгенін айтты
2020-2022 жылға арналған республикалық бюджетте оқытушылардың жалақысын арттыруға қаражат салынды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА сайты.
Сондай-ақ, "педагог мәртебесі туралы" жобаны іске асыруға қаражат бөлінген, осы мақсаттар үшін үш жылға 2,2 трлн теңге қарастырылған. Бұл қаражатқа білім беру саласында жалақыны арттыру да кіреді.
Сонымен қатар, үш ауысымды білім беру және апатты мектептерді жою мәселесін шешуге 286,8 млрд теңге бөлінді.
Бюджетте экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруға, тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын сапалы жаңартуға арналған шығындар көзделген.
- Орта мерзімді кезеңде осы бағыт бойынша 4,7 трлн теңге қарастырылған, оның ішінде 2020 жылға - 2 трлн теңге немесе бюджеттің жалпы шығынының 15,5%-ы, - деп түйіндеді Берік Шолпанқұлов.