Қазақстандықтар доллар айырбасынан рекорттық көрсеткішке жетті
Биылғы жылдың маусым айында қазақстандықтардың айырбастаған қаражат мөлшері миллиард долларға жеткен
Бұл абсолютті рекорд орнатты, деп хабарлайды ranking.kz сайты.
2019 жылдың масымында АҚШ долларын сату көлемі 384,2 млрд теңгені немесе 1 млрд долларды құрады. Былтырғы жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда бұл сома 5 есеге артты, тамыз айындағы сатып алу көлемі 244,6 млд теңгені құрады.
Бұл ретте доллар сату көлемінің өсуі елдің барлық өңірлерінде орын алды. Ең бастысы – 112,5 млрд теңге – Алматыда, 47,8 млрд теңге – Нұрсұлтан мен 43,4 млрд теңге Шымкент қаласында тіркелген.
Сатылымның өсуі доллар бағамының тұрақты өсуі аясында орын алады. Жыл басынан бастап курстың ай сайынғы өсімі орташа 0,2 % құрайды. Тамыз айының басында Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде баға бір доллар үшін 390 теңгеден асты.