Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Мәжіліс 2019 жылға арналған бюджетке өзгерістер енгізді

2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет әлеуметтік салаға бейімделеді

Мәжіліс депутаттары "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет"  туралы заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады, деп хабарлайды 24.kz.

Президент жуырда қаржы ұйымдарының алдында қарызы қордаланған халыққа көмектесуді тапсырған. Қазынадан бөлінетін қосымша қаражат әуелі соған қажет. Сосын әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен жастарды қолдауға жұмсалады. Бүгін төменгі палатаның жалпы отырысында бірқатар мәселелер қаралды. Соның бірі - "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет" туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасын қорытындылау. 

 - Заң жобасы 2019 жылға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын сақтауды ескере отырып, қалыптастырылды. Республикалық бюджеттің негізгі параметрлері өзгеріссіз қалады. Президенттің тапсырмалары жүзеге асыруда қаржылық қамтамасыз ету тікелей инвестициялық қорына бөлінген қаражаттың бір бөлігін қайта бөлу есебінен жүзеге асырылатын болады, - дейді ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары, Қаржы министрі Әлихан Смайылов. 

Бюджеттің үш бағыт бойынша жұмсалады. Алғашқысы халықтың тұтынушылық кредиті бойынша борыш жүктемесін азайту. Мемлекет 300 мың теңгеге дейінгі жалпы мөлшердегі негізгі борышты өтейді. Бұған 89,2 млрд теңге қарастырылды. Екінші бағытта жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасылар мен жастарды қолдау үшін 138,6 млрд теңге бөлінеді. Сондай-ақ, үкімет резервін 72,2 млрд теңгеге ұлғайту көзделіп отыр.


Следующая →