ҚР Ұлттық Банкі онлайн займ беруге шектеу қоймақ
Енді онлайн арқылы берілетін несиенің сомасы азаматтың кредиттік жүктемесіне тікелей байланысты болмақ
Қазақстандықтардың банк алдындағы берешегі бір жылдың ішінде 15%-ға дейін өсіп, 6,2 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Finprom.kz.
Ал тұтынушылық несиенің жалпы құны аталмыш соманың жартысынан астамын құрайды, ал несиенің өсуіне онлайн арқылы берілетін несиелердің көбеюі себеп болып отыр.
Соған байланысты Ұлттық банк несие субъектілерін де бақылауға алуды ойлап отыр. Бұл несие серіктестіктері, ломбардтар мен шағын несие ұйымдарының, оның ішінде онлайн несие берушілер де бар, қарызға берілетін сомалары мен төлемдерін бақылауда ұстап, шектеп отыруға мүмкіндік бермек.