Қазақстанда бизнес үшін несиелер бойынша мөлшерлемелер төмендетіледі
Осылайша, Қазақстан Үкіметі "қарапайым заттардың экономикасын дамытуды" қолдауды жоспарлап отыр
Қазақстанда "қарапайым заттар экономикасы" жобалары бойынша бизнесті несиелеу шарттары жеңілдетіледі, деп хабарлайды Sputnik сайты.
Жеңілдікті кредиттеу бағдарламасы үшін басым жобаларға қатысты түзетулердің жаңа пакеті әзірленетін болады. Түзетулер арасында - несие бойынша қарыз мерзімінің 1/3-нен аспайтын (екі жылдан және үш айдан аспайтын) жеңілдікті кезең және кредит беру үшін жаңа тауарларды енгізу бар.
- Түзетулер пакеті мемлекет субсидиялайтын бөлігін белгілей отырып, соңғы қарыз алушы үшін пайыздық мөлшерлемені төмендетуді көздейді. Өзгерту кәсіпкер үшін несие құнын төмендетуге мүмкіндік береді және бағдарламалар арасында арбитражды алып тастайды. Несие бойынша жеңілдікті кезеңді енгізу жаңа өндіріске несие алған кәсіпкерлерге өндірістің жаңа циклі уақытын ұтып алуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек.
Қазақстандық бизнесті қолдауға Үкімет таяудағы 3 жылда 500 млрд теңге бөледі.