Қазақстандықтардың еңбекақысы өсуде
Биыл бастапқы үш айда орташа айлық жалақы 168 мың теңгеден асты
2019 жылдың алғашқы үш айында орташа айлық жалақы 168,5 мың теңге болды, бір жыл ішінде 10,5 процентке өскен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Инфляцияны есептегенде, қазақстандықтар жалақысының тұтыну қабілетінің шынайы өсімі 5,2 процентке жеткен.
Следующая →
Инфляцияны есептегенде, қазақстандықтар жалақысының тұтыну қабілетінің шынайы өсімі 5,2 процентке жеткен.
2018 жылғы осы мерзімде бір жыл ішінде 8,7 процентке көбейген орташа жалақы 152,4 мың теңге болды, ал тұтыну қабілетінің шынайы өсімі – 2 процент.
Ең жоғары жалақыны қаржы және сақтандыру саласының қызметкерлері алады: 323 мың теңге, жылдық өсімі - 8,1 процент. Екінші орында - кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет: 296,3 мың теңге, бір жыл ішінде 16,2 процентке артқан. Ақпарат және байланыс саласының қызметкерлері орташа есеппен 253 мың теңге алады, жылдық өсімі 16,1 процент болған. Бұл – Қазақстанда жалақысы ең жоғары үш сала.Ауыл, орман және балық шаруашылығы жұмысшыларының жалақысы ең жоғары өсімге (16,4 процент) ие болса да, небәрі 93,2 мың теңге болды.
Сонымен қатар, ең төмен жалақы алатын салалар – денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет (115,8 мың теңге), білім беру (109,9 мың теңге).
Тақырыптар:
Рост зарплат в Казахстане Статистика в Казахстане Размер среднемесячной зарплаты в Казахстане