Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

ҚР Ұлттық банкі теңгенің жазуын өзгертті

Латын қарпімен жазылған жаңа дизайнды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев наурызда мақұлдап қойған болатын

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі биыл 26 сәуірде 2019 жылғы үлгідегі дизайны өзгертілген номиналдық құны 1, 2, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік монеталарды айналысқа шығарады, деп хабарлайды Тengrinews.kz.

"Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 29 маусымдағы №162-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына өзгеріс енгізілді, оған сәйкес мемлекеттік тілдегі "ҚАЗАҚСТАН" деген сөз латын графикасының негізіндегі әліпби пайдаланыла отырып, "QAZAQSTAN" деп орындалды. "QAZAQSTAN" деген жазуы бар Мемлекеттік Елтаңбаны пайдалану туралы талап 2018 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді.

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы теңге монеталары дизайнының міндетті элементі болып табылатындықтан, Ұлттық Банк 2019 жылғы үлгідегі дизайны өзгертілген айналыстағы монеталарды айналысқа шығару туралы шешім қабылдады, олардағы жазулар латын графикасының негізіндегі әліпби пайдаланыла отырып мемлекеттік тілде орындалған, - деп түсіндірді Ұлттық Банк өкілдері.

Следующая →