ҚР Ұлттық банкі: еңбекақы мен жалақы өссе, де баға көтерілмейді
Халықты әлеуметтік қолдау шараларына байланысты шығыстардың өсуі инфляцияға айтарлықтай әсер етпейді
Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев қаржы регуляторы инфляцияның таргеттеу саясатын жалғастыратынын атап өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
- Ұлттық банктің негізгі мақсаты – инфляцияны 4-6% аралығында ұстап тұру. Ұлттық банктің бағалауы бойынша, әлеуметтік қолдауға қосымша қаржының бөлінуіне байланысты шығыстардың өсуі инфляциялық үдерістердің жеделдеуіне айтарлықтай әсер етпейді. Біздің болжам бойынша биыл инфляция мақсатты дәлізде сақталады, - деді Досаев сенаттың жалпы отырысында.
Сондай-ақ, оның айтуынша, базалық ставка қаржы-несие саясатының негізгі құралы болып қала бермек. 4 наурыздағы жағдай бойынша, базалық ставка 9,25% деңгейінде қалды.