Қазақстанда Apple, Facebook және Microsoft акциялар сатыла бастады
Қазақстандықтарға танымал әлемдік компаниялардың акцияларын сатып алуға мүмкіндік туды
Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне Apple Inc., Facebook Inc., Microsoft Corporation, Starbucks Corporation сынды компаниялардың акциялары еніп, сатыла бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
- Акцияны сатып алғандар акционерлердің жиналысына қатысуға, дивидент бөлісуге мүмкіндік алады, - дейді қор биржасы.
Осы айдың соңына дейін биржа тізіміне тағы да шетелдік он екі компания енетін болады: Ford Motor Company, The Coca-Cola Company, Nike Inc., Tiffany & Co., Exxon Mobil Corporation, Tesla Inc., Intel Corporation, Pfizer Inc., PLLC Yandex N.V., ПАО "Лукойл" мұнай компаниясы", ПАО "Новолипецкий металлургический комбинат", ПАО "ГМК "Норильский никель".