Өскемен
пасмурно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -14°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    +6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    +6°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +5°
$
511.22
540.05
¥
70.61
4.73
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстандық экономист "Жылқы еті индексін" ойлап тапты

Қазақстандықтардың әл-ауқатын жылқы еті индексімен анықтауға болады

Экономист Евгений Кочетов Қазақстанның барлық өңіріндегі ет индексін жасап шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 - Әлемде елдің ауқаттылығын анықтайтын бірнеше индекс бар. Мәселен, Ресейде "бутерброд индексі", валютаның нақты құнын анықтайтын "Биг Мак" индексі бар. Оған балама ретінде "ET INDEX-iн" ұсынамын, - деді Евгений Кочетов.

 Қазақстандық индекстің негізі ретінде жылқы еті таңдап алынған, себебі дәл осы жылқы еті ұлттық асханада маңызды рөл ойнайды. Яғни, индексте қазақстандықтардың жылқы етін сатып алу мүмкіндігі қарастырылады.

Оның айтуынша, "ET INDEX-i" әр айдың 15-і күні жүргізіледі және осылайша өңірлердегі халықтың әл-ауқатын анықтауға болады.

 Қаңтар айындағы индекске сәйкес, ең көп жылқы етін Атырау облысының тұрғындары ала алады - әр адамға 112 келі еттен келеді. Маңғыстау облысында бұл көрсеткіш 75 келіні, Астана мен Алматыда 74 және 71 келіні көрсеткен. Батыс Қазақстан обылсында - әрбір тұрғын айына 61 кг жылқы етін ала алады. Ең төмен көрсеткіш Шымкент қаласы (35 келі) мен Түркістан обылсында (27 келі) тіркелді.

 Ет бағасына келсек, ең қымбат жылқы еті Алматы қаласында сатылады (бір келісі - 2000 теңге). Ең арзан ет Шығыс Қазақстан облысында (1527 теңге). Аудандар арасында ең қымбат баға Алматы облысының Іле ауданында (1 келі жылқы еті - 2150 теңге), ең арзан баға - Павлодар облысының Железин ауданында (1370 теңге). 

Следующая →