Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда зейнетақы өсті

2019 жылдың қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы индекстелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Қазақстанда зейнетақыны индекстеу мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын және жылдың басында жүзеге асырылатындығын айтты.

- Ол инфляциядан 2 пайызға ілгері жүреді, биылғы жылы біз бұл көрсеткішті 9 процентке жеткіздік. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, индекстеу қосымша инфляция деңгейінде жүргізіліп, оның үстіне 2 пайыздық мөлшер қосылады, - деді министр.


Оның сөзінше, базалық зейнетақының жаңа форматы оны 67 процентке көтеру дегенді білдіреді.

- 1 млн-ға жуық зейнеткер базалық зейнетақыны ең төменгі өмір сүру көрсеткішінен 100 процент көлемінде ала бастады. Яғни, базалық зейнетақы олар үшін екі есеге артты. Жалпы, зейнетақы базалық, ынтымақты және жинақтаушы болып үшке бөлінеді. Ынтымақты зейнетақыны біз инфляцияны негізге ала отырып, 2 процентке артығымен индекстейміз. Ал базалық зейнетақыны мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша орташа алғанда 67 процентке арттырдық, - деп түсіндірді министр.

Сондай-ақ, ол қазіргі таңда Қазақстандағы зейнетақының деңгейі көршілес мемлекеттер мен ТМД-ға мүше елдердің қай-қайсысынан да жоғары екендігін атап өтті.

Следующая →