Қазақстанда 8 млн теңгеге жуық жалған ақша тәркіленді
Жыл көлемінде тәркіленген мың жарым жалған ақшаның 776 купюрасы Алматыда анықталған
Қазақстандық банкноттарды жасауда қолданылатын технологиялар тіпті әлемдік кеңістікте де кең қолданылады, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
Қазақстанда миллион банкнотқа 3 жасанды купюра келеді. Салыстыру үшін, Ресейде бұл көрсеткіш 15-ке тең, ал Еуроодақта - 30.
Өткен жылы Қазақстанда жалпы сомасы 7,9 млн теңгенің 1451 жасанды купюрасы тәркіленді.