Қазақстанның айырбастау орындарында жаңа қызмет пайда болады
Қазақстанның Ұлттық банкі өз қаулысы арқылы айырбастау орындарында алтын құйма сатуға рұқсат берді
2018 жылдың 30 қарашасынан бастап ақша айырбастау орындарына алтын құйма сатуға рұқсат етілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
- Банктік емес айырбастау орындарының қызметін кеңейту тазартылған алтын құймаларын сату географиясын кеңейтіп, Ұлттық банктің алтын құймаларын алыс аймақтарда да сатып алуға мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.