Астана қаржы орталығы биржасында сауда-саттық басталды
Қазақстан Президенті "Астана" халықаралық қаржы орталығының биржасындағы алғашқы сауда-саттықты бастау рәсіміне қатысты
– Содан бері Қазақстан экономикасы едәуір өсіп, халықтың тұрмыс деңгейі де артты. Ауқымды реформалар жүргізіліп жатыр. "Астана" халықаралық қаржы орталығының іске қосылуы – елімізді одан әрі орнықты дамытудың маңызды қадамы, – деді Елбасы.
Қазақстан Президенті рәсімге қатысушыларға әлемдік уран нарығының 20 пайызға жуығын қамтитын «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы бүгін ІРО-ға алғаш рет шығып отырғанын айтты.
– Келешекте біз "Қазақтелеком", "Эйр Астана", "Қазмұнайгаз" және өзге де ұлттық компаниялардың активтерін сатылымға шығаруды жоспарлап отырмыз. "Астана" халықаралық қаржы орталығы елімізге шет елдердің капиталын тартудың құралына айналып, қор нарығын дамудың жаңа деңгейіне шығаруға тиіс. Мұнда әлемнің үздік тәжірибелері жаппай қолданылып, тәжірибелі серіктестер мен сарапшылар тартылған, сондай-ақ оның жұмысына қатысушылар үшін теңдессіз жағдайлар жасалған, – деді Мемлекет басшысы.
Тақырыптар:
Открытие торгов на бирже МФЦА Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев Международный финансовый центр в Астане