Қазақстанда 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасы ұлғаяды
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әйелдердің зейнеткерлік жасы заңға сәйкес 59 жасқа дейін ұзартылады
Қазақстанда әйелдердің зейнеткерлік жасын біртіндеп ұлғайту қарастырылуда, деп хабарлайды Sputnik Kazakhstan.
Бірінші ұлғайту 2018 жылдың 1 қаңтарында жасалды, осылайша әйелдер үшін зейнеткерлік жас 58,5 жасты құрады. Жаңа өзгерістер 1960-1964 жж туған әйелдерге қатысты болып, олар 59 жасында зейнетке шығатын болды.
Заңнамада әйелдердің зейнетке шығу жасын ерлер сияқты 63 жасқа дейін біртіндеп ұлғайту көзделген:
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 59,5 жас;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жас;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жас;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жас;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жас;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жас;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жас;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жасқа жетеді.