Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы мемлекеттік реттеуге өтуі мүмкін
Қазақстан Парламенті дәрі-дәрмек бағасын мемлекеттік реттеуге мүмкіндік беретін заң жобасын қарастыруда
Тегін медициналық кепілді көлемге енбейтін дәрілік заттар көбінесе жоғары бағамен сатылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
- Бүгін дәріханалар кез келген бағаны өздері белгілейді. Бірақ Министрлік халықты дәрілік заттар үшін артық ақша төлемеуі үшін ереже жасап жатыр. Қазір қызу талқыға түсіп жатыр. Жыл соңына дейін бағаны реттеудің бір шешіміне келуді жоспарлап отырмыз, - дейді Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы заттар мен медицицналық техника сараптамасының ұлттық орталығының бас директорының орынбасары Арнұр Нұртаев.
Жаңа заң жобасына сәйкес, мемлекет дәрі үшін ең жоғары бағаны бекітеді. Ал бөлшек сатушылардың бағаны көтеруге құқықтары болмайды.