Қазақстанда бірінші акважылыжайдың құрылысы аяқталуда
Жамбыл облысының Қордай ауданында жүзеге асырылып жатқан елдегі бірінші аква жылыжайының құрылысы шамамен 80%-ға аяқталды
Аквапаналық әдіс балықтар мен өсімдіктерді бір мезгілде өсіруге негізделеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл технология Қазақстанда алғаш рет қолданылуда. Жылыжай кешені толығымен автоматтандырылып, барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетін болады.
Бұл жоба Оңтүстік Кореяның инвестициялары есебінен іске асырылуда және құны 923 млн теңге тұрады.
2018 жылдың соңында жылыжайдың ашылуы күтілуде, ал 2020 жылға қарай толық қуатпен жұмыс істейді.
Жылыжай 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Ал жылыжай кешенінің жанынан балықты өңдеуге арналған цех салу жоспарда бар.