Қазақстанда 1998-2003 жылғы үлгідегі банкноттарды айырбастауды тоқтататды
ҚР Ұлттық банкі 2018 жылдың 14 қарашасынан бастап 1998-2003 жылғы үлгідегі банкноттарды қабылдау және айырбастау тоқтатылатындығын еске салады
Бұл туралы Zakon.kz сайты хабарлады.
1999 жылғы 200, 500 теңге номиналды және 2000 жылғы 1000, 2000 теңге, 1998-2001 жылғы 5000 теңге, 2003 жылғы 10 000 теңге номиналды банкноттарын қабылдау тоқтатылады.
Айта кетейік, 1998-2003 жыллғы банкноттар 2007 жылдың 15 қарашасынан бастап заңды төлем құралы ретінде пайдаланылуын тоқтатып, айналымнан шығарылған болатын. Ал азаматтарда оларды жаңа үлгідегі купюраларға айырбастауға 11 жыл уақыт болған.