Қазақстанда бюджеттік кіріс жоспардан асып кеткен
ҚР Қаржы министрі Әлихан Самайылов мемлекеттік бюджетке түскен түсім туралы айтты
- Мемлекеттік бюджет өсімі 2017 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда екі есе қарқынмен өскені байқалады. Ал шығын өткен жылмен салыстырғанда 0,2 пайыздық пунктіге жоғары. Дефицит соңғы бес жылдағы өз минимумына жетіп, 125 млрд теңгені құрады, - деді қаржы министрі.
Әлихан Самайыловтың баяндамасына сүйенсек, республикалық кірістер бюджетіне 4 066 млрд теңге түсіп, бұл жоспардан 131 млрд теңгеге артық. Осылайша артық орындалған жоспар 103,3%-ды құрады.