Ұлттық банк валютаны сатып алмауға кеңес берді
Ұлттық банк қазақстандықтарға валюта сатып алуды тоқтата тұруға кеңес берді
Қазақстан Ұлттық банкі қазақстандықтарға баға тұрақсыз уақытта валюта сатып алмауға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Ұлттық банк шетел валютасына қатты қажеттілік болмаған жағдайда халыққа және ұйымдарға айырбастау бағамының құбылмалы жағдайында активтерді бір валютадан екіншісіне ауыстырудан бас тартуға кеңес береді. Валютаны тұрақсыз кезде сатып алу - жинақты жоғалту қаупін арттырады, - делінген хабарламада.
Бұдан бұрын, Ұлттын банк 2018 жылдың қыркүйегінде ішкі валюталық нарықта теңгені әлсірететін теңгерімсіздіктің күшейгенінін хабарлаған еді. Осыған байланысты Ұлттық банк ішкі валюта нарығын тұрақтандыру мақсатында 2017 жылдың қазанынан бастап алғаш рет валюталық интервенция жүргізу туралы шешім қабылдады. Осылайша, Ұлттық банк 2018 жылдың 5-7 қазан аралығында 520,6 млн АҚШ долларын сатты.