"7-20-25" ипотекалық несие сертификаттары қазақстандықтар үшін қолжетімді болмақ
Қазақстанда "7-20-25" бағдарламасы бойынша алдын ала төлемді азайту үшін 1 млн теңге сомасына тұрғын үй сертификаттарын беру басталады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғын үй сертификаттары енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Баспана" ипотекалық ұйымы" АҚ-ның компания-операторы 2018 жылдың соңына дейін қазақстандықтарға 10 мыңға жуық, ал жалпы "7-20-25" бағдарламасы бойынша кемінде 50 мың тұрғын үй сертификатын беру туралы жариялады.
"7-20-25" тұрғын үй сертификаттары мемлекеттің бюджеттік қызметкерлеріне ипотекалық бағдарламаға қатыса алуы үшін алдын ала төлемді азайтады. Сертификаттарды тарату қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне жүктеледі және шығарылым осы аптада басталады.
Бұл халықтың президенттік ипотека бағдарламасына деген қызығушылығын арттырады деп күтілуде. Өйткені Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында оны одан әрі белсенді дамыту үшін шаралар қабылдауды тапсырды.