Қазақстанда әуе билеттерінің бағасы арзандайды
ҚР Инвестиция және дамыту министрлігінің вице-министрі Тимур Тоқтаев келесі жылы әуе билеттерінің бағасы арзандайды деп уәде етті
Қазақстанда әуе билеттерінің бағасы қымбат болғандықтан ішкі туризм саласы ақсаңдауда, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Мәжіліс депутаттары вице-министрден Қазақстандағы әуе билеттері қашан бүкіл халыққа қолжетімді болатындығын сұрады.
- Мәселен, Алматыдан Астанаға әуе билетінің құны 20-80 мың теңгені құрайды. Бұл ретте отбасылық туризм сұрағы қиындық тудырады. Ал әуе билеттері құнының қолжетімділігі қалай шешіледі? - деп сұрады депутаттардың бірі.
Вице-министрдің айтуынша, министрлік бұл сұрақты назарға алып, жұмыстар жүргізуде. Қазіргі таңда балалар, мүгедектер мен зейнеткер, жастарға жеңілдіктер бекітіліп, жүзеге асырылуда. Ал билеттің негізгі құнына авиациялық отынның бағасы әсері етіп отыр.