Маңғыстаудың Ащысор жасанды қоймасы туристтік орынға айналмақ
Президент Н.Назарбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды
Маңғыстаудың туристік аймақтарымен танысу барысында Ащысор жасанды су қоймасының дамуы жайлы жоспармен де танысты. Каспий теңізінің суы канал арқылы тартылып Ащысор су қоймасына құйылатын болады.
Жасанды су қойманың тереңдігі 14 метр болса, көлемі 1,6 шаршы метр болмақ. Жобаны Алматының құрылыс институты жасап жатыр. Мамандар теңіз деңгейінің күн райы мен климатқа, табиғат құбылыстарына байланысты азаю, көбею жағдайларын қоса қарастыру үстінде.
Жобаның техникалық-экономикалық негізін жасау үшін 100 млн теңге қаржы бөлінген.
Ал су қойманың инфраструктураларын дамытуға 175 млдр теңге тартылған. Бұл қаржыға демалыс базалары, пансионат, санаторий мен аквапарк салынбақ. Балық аулайтын орын да жасалуы мүмкін.