Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Казкоммерцбанк өзінің банктік лицензиясын тапсыруда

Бұл екі банктің бірігуімен байланысты тарихи үдерістің жоспарланған межесі болып отыр

"Казкоммерцбанк" АҚ баспасөз қызметінде хабарлағандай, бірлескен банкті құру аясында кезекті қадам мақұлданған, оған сәйкес банктік лицензиясын тапсыру бойынша заңгерлік процедура жүзеге асырылады.

- Бұл екі банктің бірігуімен байланысты тарихи үдерістің жоспарланған межесі болып отыр. Осынау кезеңнің маңыздылығы мен жауапкершілігін түсіне отырып, Казкоммерцбанк клиенттері үшін осы түбегейлі өзгерістердің жағымды болуы үшін күш салдық. Қос банктің командалары соңғы бірнеше ай бойы барлық банктік операцияларды Халық Банкіне шоғырландыруға бағытталған тәжірибелік жұмыстарды тоқтаусыз жүргізуде. Халық Банкі Qazkom-ның барлық активтерін және оның клиенттері мен контрагенттері алдындағы міндеттемелерді қабылдап алмақ. Клиенттердің шоттары біріктірілген банкке тапсырылған соң, Казкоммерцбанк үшін банктік лицензияның қажеттілігі болмайтындықтан, лицензияны тапсыру туралы шешім қабылданды. Аталған заңгерлік процедура активтер біріктірілгеннен кейін жүзеге асырылады. Осы уақытқа дейін Казкоммерцбанк өз қызметін қалыпты тәртіпте жалғастырады, - деген түсінік берді басқарма Төрайымы Умут Шаяхметова.


2018 жылғы 14 маусымда Алматы қаласында Казкоммерцбанк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізіліп, аталған жиналыс барысында Казкоммерцбанк және Халық Банкі арасында тапсыру актісіне қол қойылғаннан кейінгі отыз күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (ҚРҰБ) Казкоммерцбанктің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы №1.2.16/222/32 банктік жəне басқа операцияларды жүргізуге жəне бағалы қағаздар нарығындағы қызметіне арналған лицензиясының қолданысын тоқтатуға ерікті түрде өтініш жасау жөнінде шешім қабылдады.


Следующая →